Адамда альбинизм белгісі аутосомалы рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Ерлі -зайыптылардың біреуі альбинос, екіншісі қалыпты. Осындай отбасында екі жұмыртқадан пайда болған егіздер дүниеге келген. Олардың біреуі альбинос та, екіншісі бұл белгі бойынша қалыпты. Келесі ұрпақта альбинизм белгісінің болу ықтималдығын анықтау керек.