В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
uliana3447
uliana3447
24.02.2023 22:04 •  Қазақ тiлi

Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу, босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынас тәрізді мәселелер енеді. Жер үшін ең үлкен проблема – тез өсіп келе жатқан халық саны. Адамзат санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Осы үрдісті азайту үшін жасалған көптеген әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. XIX ғасырдың бас кезінде экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок), Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді. Демография – халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Экологиялық демография – демографияның жаңа бағыты. Ол – демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады.

ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты кемуі де қосылады. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады. Халық санының тұрақтануы демографиялық өтпелі даму кезеңі деп аталады.
Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси мәселелер, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің жоғарылуы халық санын арттырса, өлім мен эммиграция халық санын кемітеді. Ақпараттар
Дұрыс
Бұрыс
Экологиялық демография – демографияның ежелден қалыптасқан бағыты.

ХІХ ғасырдың бас кезінде экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын.

Халық санының тұрақтануы демографиялық өтпелі даму кезеңі деп аталады

Жер үшін үлкен проб лема – халық санының күрт кемуі

Показать ответ
Ответ:
Rexmaster0
Rexmaster0
17.09.2022 21:02

Өмір - күрес 

Мына жалған адамзатты адастырмай қоймайды. Әрине, Алла Адамұлын жерге сынақ үшін түсірді. Енді осы сынақта қаншама жан өзінің болмысын ұмытып, адамгершілікке сай келмейтін істерді жасауда. Бәлкім, мен де солай болып отырған шығармын, ақиқаты Аллаға аян. Бірақ мына заманда инабат пен Алладан қорқу деген сезімі жоқ қоғамды қоғам деп айта алмаймыз. Мемлекет өзінің азаматтарын қорғай алмаса, несіне мемлекет болып аталады. Ал біздің мемлекет өз азаматтарының осы дүниесін қарық қылмай жатып, арғы дүниесінде Алламен қауыштырар амалдарына тосқауыл қойып жатыр. Сонда, біздің жалғанымыз да сорлы, бақи өмірімізде сорлы күйге енбек. Менен Алла мен мемлекет арасында таңдау жасаса, мен әлбетте Алланы таңдар едім. Соған ғана үміт етіп өмір сүріп жатқан соң, мен одан бас тарта алмаймын, шапса да, атса да! Енді мемлекет өз азаматарын осындай таңдау жасайтын заңды неге қабылдады деген ой келеді? Салихалы ел болу үшін салихалы заң керек. Ал мына заңды салихалы деп айта алмаймын. Кеңес кезінде “намаз оқылма” деген заң болмаған, менің біліуімше. Ал мынау заң Кеңес дәуірінен де қатал талап шығарды. Сонда біздің зайырлылығымыз қайда, демократиялы ел болғанымыз қайда? Жұмыс уақытында орындау болмайды депті. 24 сағаттың ішінде 5 уақыт тек ислам дінінде ғана құлшылық қарастырылған. Ал қалған діндерде құлшылық деп ауыз толтырар құлышылық та жоқ қой. Мейлі мен мұсылман болмағанның өзінде исламнан өзге діндерде құлшылық қылатын күндерін демалыс жариялаған, христиандар жексенбіні, яхудилер сенбіні. Ал біздің мемлекет діни демалыс бермек былай тұрсын, күніміздегі құлшылығымызға тосқауыл қойып жатыр. Мұның бәріне жауап берілетін, жауапқа тартылатын нәрселер болғандықтан елбасы мен сенаттағы отырған көкелер мына заңды қайта қарауы қажет. Сосын мұсылмандығымызға зиян тимейтін заң жасап шығаруы тиіс. Мен христиан дініндегілерге еш қарсы емеспін. Олар да а Олар да жексенбіде құлшылық қылуына еш өкпем жоқ. Мына заңда обал болатын тұс бес уақыт намазхандарға. Олар енді еш қорықпай намаздарын тәрік қыла берсін, оны мемлекеті мәжбүрлеп тұр ғой. Бақида сұрақ берсе, осы заңды қабылдағандарды нұсқайтын болады да. Соған мәжбүрлеткен, парламенттегі көкелер ғой. Амал нешік, Аллаһ қайырын берсін! Біздің жағдайымызды жақсы жаққа қарай өзгертсін деп дұға қылғаннан басқа амал жоқ.

0,0(0 оценок)
Ответ:
krisdenya2005
krisdenya2005
19.12.2021 00:55

Жақсы кітап ақылды адамның әңгімесімен бірдей.

Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың қоғамда алар орны орасан зор.

Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты,

кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз.

Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мүлдем қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін. Сонда өскелең ұрпақтың кітапқа оқуға деген қызығушылығы арта түсер деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота